Не болды?
1 маусымнан бастап Ресейге жүк тасымалдау ережесі өзгереді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, 1 маусымнан бастап Ресейде ТКРЖ (тауар жеткізу кезінде күтуді растау жүйесі) жүйесі енеді. Енді азаматтар жүк тасымалы мен тауар жеткізу жайлы мәліметті осы жүйеге алдын ала тіркеуі қажет.
Жаңа ереже бойынша:
- Ресейдегі тауар қабылдаушы азамат QR-кодын алдын ала рәсімдеуге тиіс;
- QR-коды жүргізушіде болуы керек (қағаз немесе электрон нұсқасы);
- QR-коды жоқ болса, Ресейге кіруге тиым салынады, көліктегі тауар кері қайтады.
Мемлекеттік кірістер департаменті азаматтарға кодтағы деректі тауар құжаттарымен салыстырып, тексеру керек екенін ескертті.
Контекст
Естеріңізге салайық, Қырғызстан Ресеймен сауда жасайтын 50 компанияның жұмысын тоқтатты.
