Біз 300 млрд теңге үнемдедік — ЭКСПО төрағасы

«Экспо-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы, Ахметжан Есімовтің айтуынша, ЭКСПО-ға басшы болып келгенде құрылыс алаңында тек бетон плиталары ғана болған.

«Біз алты жылдың жұмысты 21 айда атқарып тастадық», — деді төраға мақтанышпен.

Оның айтуынша, көпшілік Есімовтың іскерлігіне күмән келтірген екен.

“Біз тіпті 300 млрд теңге үнемдедік”, – деді ол.

Naryk.kz сайтының хабарлауынша, ЭКСПО көрме кешенінде жоспардағы күн панельдері салынбай қалды.

ДереккөзNaryk.kz