Ахметжан Есімов: ЭКСПО компаниясы бюджетке 25 млрд теңгені қайтаруды жоспарлап отыр

«Бүгінгі күні демеушілер қаражатының көлемі 38,5 млрд теңгені құрап отыр, оның 22,8 миллиарды ақшалай түрде, ал 15,7 миллиарды тауар, қызмет және жұмыс түрінде қабылданды», — деді Ахметжан Есімов.

Ол демеушілер мен серіктестер табу бойынша жұмыстың жалғасып жатқанын атап өтті.

«Демеушілер қаржысы мен билет сатудан бөлек ұлттық компания сервисті коммерцияландырудан, инвестициялық жобаларды сату барысында ЭКСПО брендін лицензиялау және пайдалануда беруден, сондай-ақ жұмсалған қаражатты тиімді жолмен қайта толтырудан пайда таба бастады. Аталған табыстарды ескере отырып, барлық кіріс пен шығысты есептей келе ұлттық компания мемлекеттік бюджетке 25 млрд теңгені қайтарып беруді жоспарлады», — деп сөзін қорытындылады Ахметжан Есімов.

ДереккөзVласть.kz