Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Астанада құрбан шалуға рұқсат етілген орындар бекітілді

Фото: Pavlodarnews.kz

Не болды?

Астана әкімдігі биыл Құрбан айт мерекесінде құрбан шалу рәсімі өтетін ресми орындардың тізімін жариялады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Әкімдік мәліметінше, айт намазы 27 мамыр күні таңғы сағат 06:00-де елордадағы барлық мешітте оқылады. Күнде сағат 07:00-ден 18:00-ге дейін арнаулы белгіленген орында ғана құрбан шалынады.

Осыған байланысты қалада бес арнайы алаң бекітілді. Олар:

  • Байқоңыр ауданы: «Шанхай» базары – Алаш тасжолы, 34/6;
  • «Баракат» базары – А 369 көшесі, 10;
  • «Жайлау» базары – Алаш тасжолы, Ц 313 көшесі;
  • «Шәушен» шаруа қожалығы – Алаш тасжолы, 136Б.
  • Алматы ауданы: «Ет-Хан» ет цехы – Теміржолшылар тұрғын алабы, Ақжар көшесі, 20.

Әкімдік құрбан шалуды рұқсат етілмеген жерде өткізуге тыйым салатынын ескертті. Тұрғындарға санитар және ветеринар талабын қатаң сақтау ұсынылды. Мамандар ет өнімін тек арнайы тексерілген орыннан сатып алуға және санитарлы қауіпсіздік ережесіне мән беруге шақырды.

Мал сойғаннан қалған қалдықты арнаулы тәртіппен жою керек екені айтылды. Оларды тұрмыстағы қоқыс контейнеріне тастауға болмайды.

Контекст

Естеріңізге салайық, биыл Құрбан айт 27, 28, 29 мамырға түсіп тұр.

Алматыда құрбан шалуға болатын орындардың тізімін мына жерден оқыңыз.