Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Полиция іс қозғады: Алматыдағы емханада блогер Сәуле Базархан қайтыс болды

Сәуле Базархан. Фото әлжелідегі парақшасынан алынды
Алматыдағы пластикалық операция жасайтын емханалардың бірінде блогер Сәуле Базархан қайтыс болды. Мұны Baribar.kz хабарлап отыр.

15 мамырда 53 жастағы Алматы тұрғыны жеке емханада қайтыс болды. Бостандық ауданының полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеу аясында бірқатар қажет тергеу жүріп жатыр, оның нәтижесі бойынша соңғы процессуалдық шешім шығады, — деп хабарлады бүгін Алматы полициясы.

Тәуелсіз журналсит Михаил Козачковтың ақпаратына қарағанда, Сәуле Базархан Алматыдағы Smart Beauty Clinic-те пластикалық операция кезінде қаза болған.

Бұған дейін әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова құрбысы Сәуле Базарханнан айырылып халғанын хабарлаған еді.

Екі түн мүлдем ұйықтай алмадым, Гүлеке деп ыржиып кіріп келіп қалатындай, қоңырау соғатындай. Құрбыларым да, бала-шағам да суық хабарды естіп, тоқтамай қоңырау шала берген ғой. Жаным тыныш таппай, қонақтарымды тастап, қайта ұшып кеттім. Ең болмаса жер қойнына Саулешімді жерлемей тұрып, көзіммен көргім келді. Үйіне бардым,кірдім көрдім, моп-момақан болып ұйықтап жатыр, өзі де өте сабырлы еді, — деп жазды Гүлзира Айдарбекова.