Алматыдағы пластикалық операция жасайтын емханалардың бірінде блогер Сәуле Базархан қайтыс болған еді. Оның қызы Алдия оқиғаның мән-жайын баяндап, блогер қайтыс болған емхана әлі клиент қабылдап жатқанын айтты. Мұны Baribar.kz хабарлап отыр.
2026 жылғы 15 мамырда анамыз Сәуле Ермаханова Алматыдағы жеке Smart Beauty Clinic-те қайтыс болды. Дәрігерлер бір жарым сағатқа созылады деген жергілікті анестезиямен жоспарланған липосакция операциясы отбасымыз үшін қайғылы жағдаймен аяқталды. Бір сағат. Бір жарым сағат. Екі. Үш сағат. Олар сұрағымызға жауап бермеді. Жай ғана үндемеді. Анаммен бірге жүрген туысына оның қайтыс болғаны туралы тек кешкі сағат алты шамасында хабарланды, — деп жазды блогердің қызы Алдия.
Оның айтуынша, жедел жәрдем кешкі сағат жетіге қарағанда бір-ақ жеткен.
Төрт күннен кейін достарымыз оларға (емханаға — ред.) WhatsApp арқылы жаңа клиент болып хабарлама жазды. Не болды деп ойлайсыздар? Олар баға тізімін белсенді түрде жіберіп, ақылы онлайн консультация ұсынып, «келесі аптаға» операция жоспарлап жатыр! — деді ол.
Алдия анасы неден қайтыс болғанының мән-жайы анықталғанша адал тергеу жүргізуді және емхананың жұмысын тоқтата тұруды талап етіп отыр.
Анамыз көпшілікке танымал болды, ол миллиондаған оқырманы бар әлеуметтік желідегі парақшасын белсенді түрде жүргізді. Ал біз үшін ол құшағы жылы, қамқор ана, апа еді. Ол 53 жаста болатын, — деп жазды ол.
Естеріңізге салайық, Алматы полициясы 53 жастағы Алматы тұрғыны жеке емханада қайтыс болғанын бүгін растады. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
