Не болды?
Енді Қазақстан азаматтары Тайландта визасыз 30 күн ғана демалады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Thai PBS World басылымының мәліметінше, енді Тайландта шетел азаматтары визасыз 30 күн ғана демалады. Оның ішінде Қазақстан да бар. 2024 жылы Тайландтың туризм министрлігі 93 елдің азаматтарына 60 күн визасыз жүруге рұқсат берген еді. Алайда қазір 30 күн визасыз кіруге құқығы бар ел саны 57-ден 54-ке дейін қысқарды. Бұл ереже алдымен Корольдік газетінде ресми жарияланып, 15 күннен кейін күшіне енеді.
Контекст
Естеріңізге салайық, туристік агенттіктен тур сатып аларда қандай құжаттарды тексеру керек екенін анықтаған едік.
