Не болды?
Конституциялық сот Қазақстаннан көшіп кеткен азаматтардың зейнетақы төлемін түсіндірді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Сот әлеуметтік кодекстің 196, 202 және 204-бабына қатысты норманы қарап, зейнетақы алу құқығы азаматтың қайда тұратынына емес, жасына және әлеуметтік мәртебесіне қарай екенін хабарлады.
Конституциялық соттың дерегіне қарағанда, зейнетақы алу үшін міндетті түрде Қазақстанда тұруы керек деген талап жоқ. Демек, заң бойынша, Қазақстан азаматы шетелде тұрса да зейнетақы рәсімдей алады.
202 және 204-баптағы норма бойынша, азамат зейнетақы алып жүргеннен кейін шетелге көшсе, кей жағдайда төлем тоқтауы мүмкін. Алайда бұл талап зейнетақыны алғаш тағайындау құқығын шектемейді, – делінген Конституциялық сот мәлімдемесінде.
Сот даулы нормаларды Конституцияға қайшы емес деп шығарып, уәкілетті органға заң мәтінін нақтылау үшін түзету енгізуді ұсынды.
Контекст
Естеріңізге салайық, биыл бюджеттен еліміздің азаматтарына зейнетақы төлеуге 4 триллион 890 миллиард теңге бөлінді. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы орташа жиынтық зейнетақы 143 143 теңге
