Мұсылмандарға арналған жолнұсқа іске қосылды

«iMuslimAstana» деп аталатын қосымшада Рамазан айы бойы әкімшілік тарапынан қамтамасыз етілетін тегін автобустардың бағыттары орналастырылған. Ал, намазды бірлесіп оқуға мүмкіндік беретін ерекшелігі қосымша қызметтердің бірі болып табылады. Бүгінгі күннен бастап «iMuslimAstana» жобасын андроид бағдарламасында жұмыс істейтін смартфондар үшін Playmarket қосымшасынан жүктеуге мүмкіндік бар.

ҚМДБ баспасөз қызметінің мәліметінше, бір аптадан кейін бұл қосымша iOS бағдарламасында жұмыс жасайтын нұсқасы AppStore-да пайда болады.

iMuslimAstana қосымшасының сілтемесі: https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.imuslim

ДереккөзBaq.kz