Қазақстанда 2026 жылы көмір өндіру көлемі шамамен 128,9 миллион тоннаға жетеді деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтың айтуынша, көмір өнеркәсібі еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Қазақстан көмір қоры бойынша әлемде 10-орында тұр және қазіргі өндіріс деңгейі сақталған жағдайда қор 300 жылдан астам уақытқа жетеді.
Еліміздегі негізгі көмір кен орындарына Қарағанды көмір бассейні, Екібастұз көмір бассейні, Майкүбі көмір бассейні, Шұбаркөл кен орны және Қаражыра кен орны жатады. Жалпы көмір қоры 33,6 млрд тонна деп бағаланады. Сала ішкі нарықты тұрақты қамтамасыз етіп қана қоймай, экспорт көлемін де сақтап отыр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша көмір өндіру 115,9 млн тоннаға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 7% өскен. Оның ішінде 85,9 млн тоннасы ішкі тұтынуға бағытталса, 30 млн тоннасы экспортталған, — деді министр үкімет отырысында.
Қазақстан көмірінің негізгі экспорт бағыттарына Ресей, Польша, Өзбекстан, Түркия, Үндістан және Малайзия кіреді.
