«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы «Қарағанды – Балқаш» бағытында жолаушылар пойызын іске қосады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Компанияның мәліметінше, бағыттың жалпы ұзындығы 472 шақырым болады. Пойыз күнара, тақ күндері қатынайды және жол бойында 19 аялдама жасайды.
Қозғалыс кестесі бойынша, пойыз Қарағанды станциясынан сағат 06:00-де шығып, Балқашқа 12:48-де жетеді. Ал Балқаш станциясынан 13:45-те аттанып, Қарағандыға 20:53-те келеді. Бағыт Қарағанөзек, Қарабас, Құлайғыр, Қарамұрын, Дария, Жарық, Нілді, Айса, Ақадыр, Босаға, Мойынты, Бүйрек және Сарықұм станциялары арқылы өтеді. Пойыз құрамында алты вагон бар: оның екеуі купе, төртеуі плацкарт вагоны. Жалпы сыйымдылығы шамамен 300 орын, — делінген хабарламада.
Билеттерді комиссиясыз bilet.railways.kz ресми сайтынан және темір жол кассаларынан сатып алуға болады.
