Кассациялық сот Бақытжан Байжановтың жазасын жеңілдету туралы шағымын қарады. Сот қорғау тарапының өтінішін қанағаттандырмай, үкімді өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Кассациялық сот Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2024 жылғы 13 мамырдағы үкімі мен апелляциялық соттың 2024 жылғы 26 маусымдағы қаулысын күшінде қалдыру туралы шешім қабылдады.
Судья Ерлік Сералин қорғау тарапының барлық уәждерін негізсіз деп танып, шағымды кері қайтарғанын айтты.
Еске салайық, Салтанат Нүкенованың қазасы туралы хабарламағаны үшін Бақытжан Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
Ал негізгі іс бойынша Қуандық Бишімбаев әйелін азаптап өлтіргені үшін 24 жылға сотталып, жазасын өтеп жатыр.
