Басты бет / Жаңалықтар /
594f803b380a41396ed63dca39503542 Астанада жыл соңына дейін бірқатар көше жабылады
Фото: Астана әкімдігі

Астанада жыл соңына дейін бірқатар көше жабылады

Астанада жол құрылысына байланысты бірнеше көшеде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, «Тәуелсіздік даңғылын (әл-Фараби) жалғастыру құрылысы» жобасы аясында 25 мамырдан бастап жыл соңына дейін әл-Фараби даңғылы мен Фариза Оңғарсынова көшесінің қиылысында көлік қозғалысы толықтай жабылады.

Көлік қозғалысы әл-Фараби даңғылы және Фариза Оңғарсынова көшесі арқылы аталған қиылысқа дейін ұйымдастырылады. Сонымен қатар 14 мамырдан бастап әл-Фараби даңғылы мен Хусейн бен Талал көшесінің қиылысында да қозғалыс уақытша шектеледі, — делінген хабарламада.

Астанада бірнеше жол учаскесінде қозғалыс шектеледі
Фото: Астана әкімдігі

Әкімдік бұл аумақтың құрылыс аймағы екенін және қазіргі уақытта онда асфальт жабыны жоқ болғандықтан көлік қозғалысының қарқыны төмен екенін атап өтті.

Жүк көліктерінің қозғалысына рұқсат беріледі. Алайда құрылыс жұмыстарының кей кезеңдерінде уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін. Қала тұрғындары мен жүргізушілерге бағыттарын алдын ала жоспарлап, балама жолдарды пайдалану ұсынылды, — делінген хабарламада.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook