Басты бет / Жаңалықтар /
полиция
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Оралда 15 жастағы қыз бірнеше күннен бері іздестіріліп жатыр

Оралда 10 мамыр күні үйінен шығып кеткен 15 жастағы қыз әлі табылмай жатыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, Кәусар Тельманқызы 10 мамыр күні сағат 15:30 шамасында үйінен шығып кеткен. Содан бері оның қайда екені белгісіз.

Әлеуметтік желіде тараған ақпарат бойынша, жасөспірімнің бойы шамамен 160-165 см, орта денелі, шашы қара түсті. Жоғалған күні үстінде сұр кофта, жеңсіз қара киім, көк жинсы және қара кроссовка болған.

7a290a27 55d1 4828 af66 f0c91ba23e5e Оралда 15 жастағы қыз бірнеше күннен бері іздестіріліп жатыр
Фото: instagram.com/uralsk_lider.kz

Қазіргі уақытта қызды полиция қызметкерлері, еріктілер мен туыстары іздестіріп жатыр.

Кәусар Тельманқызын көрген немесе жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтардан 102 нөміріне немесе +7 777 184 04 90, +7 705 798 68 68 байланыс телефондарына хабарласу сұралады.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook