Басты бет / Жаңалықтар /
Алматы қаласы, тұрғын үй, ауа сапасы, ауа райы
Фото: Нұрназар Әмзе/Baribar.kz

Қазақстанның 5 қаласында ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

14 мамырда қолайсыз метеорологиялық жағдай Алматы қаласында, түнде Астана, Жезқазған, Қарағанды, Теміртау қалаларында болуы мүмкін, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram