Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Астана мен Алматыда тұрғын үй саудасы артты

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы сәуір айындағы тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері бойынша деректерді жариялады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Статистика бойынша, сәуірде елімізде 35 154 тұрғын үй мәмілесі тіркелген. Бұл наурыз айымен салыстырғанда 23,4% көп. Наурызда 28 493 мәміле жасалған болатын.

Тұрғын үй мәмілелері ең көп тіркелген өңірлер:

  • Алматы – 6 498 мәміле;
  • Астана – 6 193 мәміле;
  • Қарағанды облысы – 2 841 мәміле.

Бюро мәліметінше, жалпы мәмілелердің басым бөлігі пәтерлерге тиесілі болған. Сәуірде пәтерлер бойынша 27 331 мәміле жасалып, бұл барлық операцияның 77,7%-ы.

Ал жеке тұрғын үйлер бойынша 7 823 мәміле тіркелген.