Аталған 34 саябақтың қатарында «Тұрғын үй қалашығы» ауданында салынып жатқан «Мәдениет» саябағы, «Батыс-2» ықшам ауданындағы «Денсаулық» паркі сынды демалыс орталықтары мен облыстық сот пен Ішкі істер департаментінің де жасыл алаңқайлары бар.
Жуырда Абай даңғылы бойындағы саябаққа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңадан тротуарлар, кеспе тастар төселіп, декоративті ағаштар, гүлзарлар отырғызылады, жарық тартылады.
Қаладағы өзге саябақтар мен скверлерде 100-ден аса шам қондырылып, 25 орындық қойылады. Ерекше гүлзарларды отырғызу жұмыстары аяқталып та қалған.
«Бұл жұмыстар сапалы жүргізілуі тиіс. Сондықтан қала әкімдігі күнделікті тексеріп тұруға міндетті. Алдағы атаулы мерекелерге дейін жұмысты аяқтауларыңыз қажет. Қала тұрғындары мен қонақтар үшін осындай жасыл желекке оранған саябақтарды көбейтуіміз керек», – деді облыс басшысы Бердібек Сапарбаев.