Балмұздақтың денсаулыққа зиян екендігі анықталды

Америка ғалымдары балмұздақтың жүрек-қан тамырлары жүйесінің ауруын өршітетіндігін анықтады. Қазір мамандар тәтті тағамның зиянсыз түрін дайындауға кірісіп кетті. Мәліметтер бойынша, жаңа құрамдағы балмұздақ ішіне инсульт пен жүрек талмасының алдын алатын, сондай-ақ суық температура кезінде де өзіндік қасиеттерін сақтап қалатын палифенол кіреді. Ол жаңғақтың, кептірілген жемістің және қара шоколадтың бір бөлігі болып есептеледі.

Ғалымдар 14 еріктіге балмұздақты жаңғақпен және какаомен араластырып дәмін татқызып көрді. Нәтижесінде, адам бойындағы қан айналымы мен физикалық қалпы жақсара түскен. Анализ жұмыстары аяқталғаннан кейін қан құрамында артерияны емдейтін оксид азотының көп бөлігі бар екендігі де белгілі болды.

Сонымен қатар, профилактика ретінде күнделікті пайдалану үшін ғалымдар полифенолды дәрі күйінде әзірлеп шығуды ұсынып отыр.

ДереккөзМir24.tv