Ташкентте бокстан 17 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалында Қазақстан бокс федерациясы атынан сегіз спортшы рингке шықты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Қазақстан бокс федерациясының мәліметінше, жартылай финал қорытындысы бойынша Қазақстанның бес боксшысы финалға жолдама алды. Алтын медаль үшін бақ сынайтын спортшылар:
- Хатшепсут Сәдуақасова (50 келі);
- Балым Ғабитқызы (60 келі);
- Аяулым Оспанова (66 келі);
- Диана Надырбек (75 келі);
- Жансая Ержан (80 келі).
Турнирдің қола жүлдесін:
- Милана Иншина (46 келі);
- Розалия Вайдеман (57 келі);
- Айлин Ходжамбердиева (70 келі) иеленді.
Азия чемпионатының финалдық жекпе-жектері 15 мамыр күні өтеді.
