Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Фото: Ерқанат Аманкел/Baribar.kz
12 мамырда Қазақстанның барлық өңірінде, сонымен қатар Астана, Алматы және Шымкент қалаларында дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Синоптиктердің болжамынша, ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал оңтүстіктегі таулы аймақтарда қар жаууы мүмкін. Солтүстік, шығыс және батыс өңірлерде түнгі үсік сақталады.

Елордада түнде ауа температурасы 1–3 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді. Сондай-ақ желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Ақмола облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Қостанай облысы, Павлодар облысы, Қарағанды облысы, Ұлытау облысы, Шығыс Қазақстан облысы және Абай облысы аумақтарында жел күшейіп, кей жерлерде тұман мен үсік күтіледі. Кей өңірлерде желдің екпіні 23–28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Алматы облысы, Жетісу облысы және Жамбыл облысы таулы аймақтарында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ және қар аралас жауын-шашын болжанған. Іле Алатауы тауларында түнде қар жаууы мүмкін.

Ал Қызылорда облысы, Атырау облысы және Маңғыстау облысы аумақтарында шаңды дауыл күтіледі. Кей өңірлерде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Синоптиктер тұрғындарға алыс жолға шыққанда абай болуға, ауа райының өзгерісін қадағалап, қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.