Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Семей тұрғынының гаражынан 154 келі марихуана табылды

Фото: polisia.kz
Семейде елдің оңтүстік өңірлерінен жеткізілген каннабис тобына жататын есірткі арнасы анықталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жедел-іздестіру және тінту шаралары барысында 35 жастағы жергілікті тұрғынның гаражынан жалпы салмағы 154 келі болатын аса ірі көлемдегі марихуана тәркіленген.

Тергеу нұсқасына сәйкес, есірткі заттары Абай облысы аумағында тарату мақсатында арнайы целлофан қаптамаларға оралған. Қазіргі уақытта ҚР қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Құқық қорғау органдары есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар өзге де күдіктілерді анықтап, ұстау жұмыстарын жалғастырып жатыр, — делінген хабарламада.

Семей тұрғыны гаражын есірткі қоймасына айналдырған: ІІМ 154 кг марихуана тәркіледі

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті басқармасының бастығы Бақытжан Әмірханов күдіктінің уақытша ұстау изоляторына қамалғанын айтты.

Есірткі жеткізу арналарын ұйымдастырудың кез келген әрекеті қатаң түрде тоқтатылады. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр, — деді ол.

Мақалаға реакция