Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Бүгін Алматы мен Талдықорғанда ауа сапасы нашарлайды

Фото: Нұрназар Әмзе
«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

8 мамырда Алматы, Талдықорған қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай болуы мүмкін, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.