Басты бет / Жаңалықтар /
a13a1a882f0fd8b3baf5a1629f4869ef Мереке күндері пойыздарға қосымша 16 мың орын қосылады
Фото: Бақдәулет Әбдуалы. Фото 2020 жылдың қарашасында түсірілген.

Мереке күндері пойыздарға қосымша 16 мың орын қосылады

«Қазақстан темір жолы» мамыр мерекелері қарсаңында пойыздарда қосымша орындар іске қосылатынын мәлімдеді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Компания мәліметінше, 6–11 мамыр аралығында сұранысы жоғары бағыттар бойынша пойыз құрамдары 175 қосымша вагонмен толықтырылады. Нәтижесінде жолаушыларға шамамен 16 мың қосымша орын ұсынылады. Бұл шара мереке кезеңінде билеттердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Қосымша орындар Астана, Алматы, Павлодар, Түркістан, Атырау, Семей, Петропавл, Қызылорда, Ақтөбе, Өскемен, Қарағанды және басқа да бағыттар бойынша ұсынылады, — делінген хабарламада.

Жолаушылар билеттерді комиссиясыз ресми сайттан немесе «Жолаушылар тасымалы» АҚ кассаларынан сатып ала алады.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok