Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Астана – Санкт-Петербург рейстері қайта іске қосылады

Фото: Рarstoday.com
«Россия» әуе компаниясы Астана мен Санкт-Петербург арасындағы тікелей рейстердің қайта жанданатынын мәлімдеді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Астана халықаралық әуежайының мәліметінше, тұрақты рейстер 3 маусымнан басталады. Ұшулар «эконом» және «бизнес» кластарымен жабдықталған Airbus A319 лайнерлерімен орындалады. Жазғы маусымда рейстер аптасына үш рет жүзеге асырылады:

  • Астанадан – дүйсенбі, бейсенбі және сенбі күндері,
  • ал Санкт-Петербургтен – сейсенбі, жұма және жексенбі күндері.

Мамандардың айтуынша, бұл бағыт жолаушылар арасында жоғары сұранысқа ие. Жаңа рейстердің қайта ашылуы екі қала арасындағы туристік және іскерлік байланыстарды нығайтуға ықпал етеді деп күтілуде.

Мақалаға реакция