Бүгін Қазақстандағы лоукостер FlyArystan-ның құрылғанына құрылғанына жеті жыл болды. Осыған орай, компания Қазақстан мен Орталық Азияда халық оңай қолдана алатын авиацияны дамытуға қосқан үлесін көрсететін негізгі көрсеткіш пен дерек ұсынды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Әуе компаниясы 2019 жылы іске қосылған. Сол сәттен бастап әуекомпания 21 миллионнан астам жолаушы тасымалдап, Қазақстанның ішкі әуе нарығы өсуінің негізгі драйверлерінің біріне айналды. Лоукост-модель әуе сапарларын көп халыққа қалта көтеретіндей етті: миллиондаған адам алғаш рет ұшақпен ұшты, ал ел ішіндегі және одан тыс бағыттардың географиясы айтарлықтай кеңейді.
FlyArystan жеті жыл ішінде Қазақстанның мобильдік жүйесінің бір бөлігіне айналып, миллиондаған адам әуемен сапарлай алатындай етті және ел өңірлерін байланыстырды. Біз тек жолаушы ағынын арттырып қана қоймай, саяхатқа деген көзқарасты өзгерттік. Адамдар жиі, жеңіл әрі қалта көтеретін бағамен ұшатын smart сапар мәдениетін қалыптастырдық. Компания құрылғаннан бері барлық билеттің 40%-ы 20 мың теңгеге дейінгі бағамен сатылды. Бұл біздің модельге сұраныс көп екенін айқын көрсетеді. Басты назарымыз – тиімділік, қызмет сапасы және тұрақты даму арасындағы тепе-теңдікті сақтай отырып, одан әрі ұшақпен оңай сапарлатуды жақсарту, — дейді FlyArystan АҚ президенті және бас атқарушы директоры Йохан Эйдхаген.
Әуе компаниясы қызмет жылдарында Қазақстанның туристік әлеуетін дамытуға айтарлықтай үлес қосып, ел өңірлерін өзара байланыстырып, көлікке қол жеткізуді арттырды, ішкі туризмнің дамуына серпін берді әрі жаңа халықаралық бағыттарды іске қосу және көршілес елдермен байланысты нығайту арқылы елімізге келетін турист ағынының өсуіне ықпал етті. FlyArystan жеті жыл ішінде 140 мыңнан астам рейс орындап, Қазақстан өңірлері арасындағы тұрақты байланыс пен жаңа бағыттарға ұша алуды қамтамасыз етті. Бүгінде әуе компаниясының маршруттық желісінде 40 бағыт бар, оның 14-і – халықаралық бағыт.

Әуе компаниясының паркі 28 Airbus A320 ұшағына дейін өсті. Бұл тасымалдау қуатын арттырып, саяхаттауға артып келе жатқан сұранысқа лайық болуға мүмкіндік берді. Көлік министрлігінің дерегі бойынша, 2025 жылы Қазақстандағы әуе компаниялардың жалпы жолаушы ағыны — 20,7 млн адам. Оның ішінде 15,4 млн-ын еліміздегі компаниялар тасымалдайды. FlyArystan осы көрсеткіш аясында былтыр 4,5 млн-нан астам жолаушыны тасымалдап, еліміздегі әуе компаниялары арасындағы барлық тасымалдың, шамамен 29%-ын орындады. Осылайша, Қазақстандағы әуе тасымалдаушылар тасымалдаған әрбір үшінші жолаушы FlyArystan-ды таңдаған. Бұл лоукостердің нарықтағы үлесінің ауқымын және оның моделіне деген тұрақты сұранысты растайды.
FlyArystan Орталық Азияда алғаш болып лоукостер бизнес-моделін енгізген әуе компаниясы болды. Бұл модель «пайдаланатын қызмет үшін ғана төле» қағидатына негізделген: стандарт тариф тек ұшқанға арналған, ал қосымша қызметтерді жолаушы өзі таңдайды. Мұндай тәсіл билет құнын оңтайландыруға және оны қалта көтеретін деңгейде сақтауға мүмкіндік береді. Модель қағидасы бойынша, жолаушылардың біреумен саяхаттау түрі де өзгеріп жатыр: жалғыз саяхаттайтындар үлесі 2024 жылғы 77,7%-дан 2025 жылы 41%-ға дейін азайып, отбасымен, достарымен немесе топпен сапарлайтындар артып келе жатыр.
Лоукостердің икемді моделі жолаушылардың таңдауына да әсер етеді. Былтырғы дерек бойынша, бес жолаушының төртеуі ең аз қол жүгімен саяхаттауды таңдайды. Ал 2026 жылғы 1 наурыздан бастап минимал қол жүгінің салмағы жеті келі болып көтерілді. Сонымен қатар, әрбір 10 жолаушының төртеуі орын таңдау, жол жүгі және борттағы тамақтану сияқты ақылы қызметтерді қосымша рәсімдейді. Ал әрбір үшінші жолаушы ұшу кезінде Fly&Fun тегін цифрлық ойын-сауық жүйесіне қосылады. Осылайша, Қазақстандағы лоукостер жолаушыларға қызмет таңдағанда икемділік пен ашық тарифтік модель ұсына отырып, ұтымды саяхат мәдениетін қалыптастыруды жалғастырып жатыр.

Дамып жатқандағы маңызды факторлардың бірі клиентке қызмет көрсету процесін цифрландыру болды: ішкі рейстер жолаушыларының 93%-ы онлайн өтуден тегін өту қызметін қолданады. Ал FlyArystan мобайл қолданбасының белсенді қолданушылары 700 мыңнан асады. Сонымен қатар, әуе компаниясы сайтының бірегей қолданушылары саны жолаушылар ағынымен шамалас. Қолданушылар 2025 жылы 4,5 млн адамнан асты.

Әуе компаниясы клиенттерге жайлы әрі қолайлы болуды арттыру үшін технологиялық шешімдер мен заманауи сервистерді кезең-кезеңімен енгізіп жатыр. iJan өзіне қызмет көрсету терминалдары алғаш рет 2022 жылы Алматы халықаралық әуежайына орнатылып, кейін FlyArystan маршруттық желісіндегі басқа қалаларға да қойылды. Былтыр терминалды қолданатындар саны алдыңғы жылға қарағанда 15% артты. Бұл жолаушылардың өзіне қызмет көрсетуге дайын екенін көрсетеді. Сонымен қатар, басып шығарылған билет санының тұрақты төмендегені байқалады – 2025 жылы ондай билет саны 2024 жылмен салыстырғанда 77% қысқарды. Бұл жолаушылардың цифрлық форматқа көшкенін көрсетіп, көміртек ізін азайтуға ықпал етеді.
FlyArystan операциялық көрсеткіштерден тыс, әлеуметтік жауапкершілік пен тұрақты дамуға да көңіл бөледі. Әуе компаниясы жеті жыл ішінде инклюзия, спорт және экология салаларында бірқатар бастаманы жүзеге асырды. Абай облысында ауқымды орман егу жобасы аясында үш жылда, шамамен 1,5 млн көшет отырғызылды. Әлеуметтік осал санаттағы жолаушыларға 50%-дан 100%-ға дейін жеңілдік қарастыратын Komek бағдарламасы іске қосылды.
Бүгінде FlyArystan маршруттық желіні дамытуды, рейс жиілігін арттыруды және клиенттің тәжірибесін жақсартуға бағытталған жаңа шешімдер енгізуді жалғастырып жатыр. Таңдалған модельдің тиімділігі халықаралық деңгейде де мойындалды – әуе компаниясы Skytrax тарапынан Орталық Азия мен ТМД-ның үздік бюджеттік әуе компаниясы марапатын үш рет алды. FlyArystan әуе тасымалы қалта көтеретіндей артуына және Қазақстанның экономикалық әрі туристік дамуына ықпал етуді жалғастыруға мән береді.
FlyArystan – Air Astana тобының 100% еншілес компаниясы, Қазақстандағы лоукостер. Компания қызметін 2019 жылғы мамыр айында бастады. Әуе компаниясы Алматы, Астана мен Ақтау қалаларында орналасқан базаларындағы заманауи A320 ұшақтарынан құралған әуе паркімен кең ауқымды маршруттар желісі бойынша ұшады. FlyArystan маршруттар желісі қатарында ішкі және халықаралық рейстер мен чартерлік бағыттар бар. FlyArystan 2023, 2024 және 2025 жылдары үш рет Skytrax World Airline Awards тарапынан Орталық Азия және ТМД-ның ең үздік бюджеттік әуе компаниясы атағын алды.
