Не болды?
Домбыра мен қобызды ұшақта қол жүгі ретінде алып жүруге болады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Көлік министрлігі «Жолаушылар, багаж және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 540 бұйрығына өзгеріс енгізіп жатыр. Енді домбыра, қобыз бен тағы басқа музыка аспаптарын футлярға салып, ұшақта қол жүгі ретінде алып жүруге болады. Музыка аспабының өлшемі 110×35×30 см, ал салмағы 10 келіден аспауға тиіс.
Егер жолаушы тек бір музыка аспабын, мысалы домбыраны ғана қолына ұстаса, қол жүгі ретінде тегін алып жүреді. Ал музыка аспабы мен қол жүгін қатар алып, ұшаққа мінсе, қосымша ақы төлейді, — делінген хабарламада.
Министрлік 2026 жылғы мамыр айының соңына дейін бұйрыққа осы өзгерісті енгізуді жоспарлап отыр.
Контекст
Естеріңізге салайық, әлеуметтік желіде домбыраны харам деген ер адам қамауға алынды.
