Домбыраны харам деген Ақтөбе тұрғыны қамауға алынды

Не болды?

Әлеуметтік желіде домбыраны харам деген ер адам қамауға алынды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

«Диапазон» басылымының мәліметінше, Ақтөбеде тұратын ер адам әлеуметтік желіде домбыраны «харам» деп видео жариялағаны үшін қамауға алынды.

35 жастағы Азат Қоныс ханафи мазһабын мысалға келтіріп, домбыра, гитара мен балалайканы харам деген видео жариялаған еді. Ақтөбе облыстық полиция департаменті видео діни жек көру тудыруы мүмкін деп хабарлады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Baribar.kz / Бізде бәрі бар! (@baribar.media)

Күдікті әлжеліде діни жеккөру мен алауыздықты арттыратын мәлімдеме жариялаған. Күдікті жедел-тергеу кезінде ұсталды, — деп хабарлады Ақтөбе облысының полиция департаменті.

Қазір күдікті уақытша қамау изоляторында отыр. Ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

Полиция азаматтарға ұлттық құндылықтарды жария түрде қорлау, нәсілі мен дініне қарай алауыздықты арттыру әрекеті үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік жүктелетінін ескертті.

Контекст

Естеріңізге салайық, әлжеліде қазақ ұлтына тіл тигізген Виолетта П.-ға қатысты қылмыстық іс қозғалған еді.