Қанат Ислам бүгінгі жекпе-жекте жеңіске жетті

Кәсіпқой рингте әлі жеңілмеген қазақ боксшысы бірінші раундта ашық шабуылға шыққан жоқ. Қос қарсылас бірін-бірі зерттеумен болды. Екі боксшы да сауатты қорғанып, есе жібермеуге тырысты.

5-ші раундта Қанат Исламның жойқын соққыларынан Норбертоның қабағы жарылды. 10-шы раундта қазақ боксшысы қаһарына мініп, қарсыласын ауыр соққылардың астына алды.

12-ші раундқа жоспарланған жекпе-жек төрешілердің шешімімен отандасымыздың пайдасына шешілді. Осылайша Қанат WBO NABA және WBA intercontinental тұжырымының чемпиондық белбеулерін қорғап қалды.

Қанаттың қарсыласы да оңай шағылар жаңғақ емес еді. Ол өз салмағы бойынша мексикалық боксшылардың үздік төрттігіне кіреді. Норберто Гонсалес осыған дейін 31 кездесу өткізіп, 23-інде жеңіске жеткен. 13 жекпе-жегін нокаутпен ұтқан. 8 кездесуінде жеңіліс тапқан. Оның лақап аты – Әзәзіл.

Қазақ бокшысының ендігі жекпе-жегі «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі кезінде өтеді.

ДереккөзBaq.kz