Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Астанада Бірлік күніне орай ерекше музыкалық флешмоб өтті

Фото: Астана әкімдігі
Астанада Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Flash Vibe «Бейбіт елдің ұрпақтары» атты ауқымды флешмоб ұйымдастырылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Әкімдіктің мәліметінше, іс-шараға мектеп оқушылары мен қосымша білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері қатысып, бірлік пен татулықты насихаттайтын ерекше көрініс көрсетті.

флешмоб, балалар,
Фото: Астана әкімдігі

Флешмобтың музыкалық сүйемелдеуі ретінде «Ақ көгершін» композициясы таңдалды. Бұл шығарма бейбітшілік пен келісімнің символы саналады. Айта кету керек, іс-шара көрнекті композитор Ахмет Жұбановтың мерейтойымен тұспа-тұс келді. Қатысушылар «ақ көгершін» бейнесін сомдап, сап түзеді. Бұл символ акцияның негізгі идеясын – бейбітшілік пен үмітті айшықтай түсті. Ақ және көк түсті киім киген балалар мен жасөспірімдер біртұтас композиция құрып, ерекше атмосфера қалыптастырды. Ақ түс тазалық пен үйлесімді білдірсе, көк түс бейбіт аспан мен халық бірлігінің белгісі ретінде таңдалған, — делінген хабарламада.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар әртүрлі этнос өкілдері арасындағы достықты нығайтып, өзара түсіністік пен құрметті арттыруға бағытталған.

Мақалаға реакция