Мамырдағы мерекелер: Алматы облысында қандай іс-шаралар өтеді?

Алматы облысы мамыр айын ұзақ демалыспен және мазмұнды бағдарламамен қарсы алады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Әкімдіктің мәліметінше, 1–9 мамыр аралығында қалалық мерекелер мен фестивальдерден бастап, ұлттық спорт түрлері, интеллектуалды турнирлер мен ірі халықаралық жарыстар болады.

Қонаев қаласы

  • 1 мамыр, 09:00 – Орталық саябақта Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған ауқымды велошеру өтеді.
  • 1 мамыр, 09:30 – Орталық алаңда «Бірлік» фестивалі басталып, концерттік бағдарлама мен халықтық серуендер ұйымдастырылады.
  • 1–3 мамыр, 12:00 – ASP Club-та SHAKEFEST x ASP ауқымды фестивалі ұйымдастырылады: диджейлер, картиң, дрифт, бассейн, after party, фуд-аймақ және балаларға арналған ойын-сауық.
  • 1–3 мамыр, 10:00–18:00 – Таңбалы тас аумағында Tengri Ultra 2026 трейлранниң бойынша халықаралық жарыс өтеді.
  • 1–4 мамыр, 10:00–18:00 – спортты дамыту дирекциясында ұлдар мен қыздар арасында баскетболдан чемпионат өтеді.

Қарасай ауданы

  • 1 мамыр, 10:00 – Қаскелең қаласының Орталық алаңында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік бағдарлама өтеді.
  • 5–6 мамыр, 09:00 – Қаскелең қаласындағы №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде «Ұстаз Барысы – 2026» қазақ күресінен турнир ұйымдастырылады.

Талғар ауданы

  • 1–3 мамыр, 09:00–18:00 – Талғар қаласындағы №2 БЖСМ-де жас спортшылар арасында қазақ күресінен республикалық турнир өтеді.
  • 5–9 мамыр, 09:00 – Талғар қаласы, Рысқұлов көшесі, 68а мекенжайында Есет Нүсіпановты еске алуға арналған бокстан республикалық ашық турнир өтеді.

Еңбекшіқазақ ауданы

  • 1 мамыр, 10:00 – Есік қаласындағы Жамбыл Жабаев атындағы Жастар саябағында концерттік бағдарлама және этномәдени орталықтардың көрмесі өтеді.
  • 2 мамыр, 12:00 – Қаракемер ауылында көкпар алаңында жарыс ұйымдастырылады.
  • 4–6 мамыр, 09:00–18:00 – Есік қаласындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде балалар арасында асық атудан чемпионат өтеді.
  • 5 мамыр, 18:00 – Шелек ауылындағы саябақ алаңында Отан қорғаушылар күніне арналған PatriOt Fest гала-концерті өтеді.

Кеген ауданы

  • 1 мамыр, 10:00 – Кеген ауылының Орталық алаңында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мәдени-көпшілік іс-шара өтеді.
  • 2 мамыр, 13:00 – Кеген ауылындағы Мәдениет үйінде «Тәңіртау таланттары» облыстық байқауы ұйымдастырылады.
  • 4–6 мамыр, 10:00–15:00 – Ж. Ермегияев атындағы мектепте педагогтар арасында шағын футболдан турнир өтеді.

Іле ауданы

  • 1 мамыр, 10:00 – Өтеген батыр кентінің стадионында «Достық алаңы» футбол турнирі өтеді.
  • 1 мамыр, 10:00 – Орталық стадион мен Арбатта «Бірлікте – біздің күшіміз» атты мерекелік концерт ұйымдастырылады.
  • 2–3 мамыр, 09:00–18:00 – №18 орта мектепте жастар, сондай-ақ ерлер мен әйелдер арасында ауыр атлетикадан чемпионат өтеді.

Ұйғыр ауданы

  • 1 мамыр, 10:00 – Шонжы ауылының Орталық алаңында мерекелік мәдени іс-шара өтеді.
  • 1–3 мамыр, 09:00–18:00 – Шонжыдағы БЖСМ-де балалар мен жасөспірімдер арасында тоғызқұмалақтан облыстық чемпионат өтеді.

Жамбыл ауданы

  • 1 мамыр, 10:00 – Ұзынағаш ауылының Орталық алаңында «Отаным – ортақ мекенім» атты мерекелік іс-шара өтеді.
  • 1 мамыр, 10:00 – Ұзынағаш ауылындағы Мәдениет үйінде «Бейбітшілік бесігі» концерті ұйымдастырылады.
  • 6 мамыр, 10:00 – Бауыржан Момышұлы атындағы №28237 әскери бөлімінде «Ерлік» жобасы аясында жастарға арналған ашық есік күні өтеді.

Райымбек ауданы

  • 1 мамыр, 11:00 – Нарынқол ауылындағы Жастар саябағында «Бірлігіміз жарасқан» атты салтанатты іс-шара өтеді.
  • 1 мамыр, 11:00 – Нарынқол ауылындағы Мәдениет үйінде «Бірлік пен достық» сурет байқауы ұйымдастырылады.

Балқаш ауданы

  • 1 мамыр, 11:00 – Бақанас ауылындағы Мәдениет үйінде «Қазақстан – татулықтың мекені» атты мәдени іс-шара өтеді.

Алатау қаласы

  • 1 мамыр, 09:00 – Орталық алаңда «Ұлттар достығының ұлы мерекесі» атты мерекелік концерт өтеді.
  • 2–9 мамыр, 08:00–18:00 – Асанов атындағы атқыштар клубында стендтік атудан Әлем кубогы ұйымдастырылады.