FlyArystan әуекомпаниясы мамыр айынан бастап Астана – Үрімші – Астана бағыты бойынша тікелей рейстерді қайта іске қосатынын мәлімдеді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Компанияның хабарлауынша, рейстер 2026 жылғы 31 мамыр мен 23 қазан аралығында аптасына үш рет орындалады. Астанадан Үрімшіге ұшулар сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері жүзеге асса, кері бағыттағы рейстер дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндеріне жоспарланған.
Бұл бағыт алғаш рет 2023 жылғы қыркүйекте ашылып, Қазақстан мен Қытай арасындағы көлік байланысының маңызды бөлігіне айналған. Рейстердің қайта жандануы екі ел арасындағы жолаушылар ағынын арттырып, туризм мен іскерлік байланыстарды дамытуға, сонымен қатар екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал етеді деп күтіліп жатыр, — делінген хабарламада.
