Мамыр мерекелерінде ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?

ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың мамыр айындағы мерекелік күндердегі жұмыс кестесі жарияланды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, орталықтар Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні, Жеңіс күні, яғни 1,7,9 мамырда жұмыс істемейді.

2 және 11 мамыр — кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар үшін жұмыс күні. Бұл күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары 9:00–ден 13:00–ге жұмыс істейді, мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштерді қабылдау 12:00–ге дейін жүзеге асады, ал дайын құжаттарды 13:00–ге дейін алып кетуге болады, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, мереке күндерінен басқа уақытта барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар, оның ішінде кезекші бөлімшелер де, әдеттегі жұмыс кестесі бойынша қызмет көрсетеді.

Кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың тізімін 1414 нөмірі арқылы білуге болады.