10 қалада ауа сапасы нашарлайды: синоптиктер ескерту жасады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

30 сәуірде Көкшетау, Өскемен, Семей, Риддер, Талдықорған, Алматы, Астана қалаларында, түнде Қарағанды, Жезқазған, Теміртау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай болуы мүмкін, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиян (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін мерзімі аз метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.