Қазаққа тіл тигізген желі қолданушысына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Не болды?

Әлжеліде қазақ ұлтына тіл тигізген Виолетта П.-ға қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Halyqstan басылымының мәліметінше, Виолетта Қазақстанның тәуелсіздігі мен тұтас мемлекет екенін мойындамай, мұсылмандардың ар-намысын таптайтын пікір жазған. Сондай-ақ ол Ресей насихатшысы Соловьёвті қолдап отыр.

8220ed48d608bed35c12905d4e3d9531 Қазаққа тіл тигізген желі қолданушысына қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: Тhreads скрині
скрин
Фото: Qumash.kz
скрин
Фото: Qumash.kz

Бұл жағдайға наразы болған қазақ халқы полицияға арыз жазған. Алматы полиция департаменті Виолеттаның желідегі пікіріне қатысты қылмыстық іс қозғады.

Азаматша Виолетта П. полицияға жеткізілді. Полиция бұл оқиғаны Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы бойынша талқылап жатыр. Департаменттің хабарлауынша, мұндай әрекетке жол жоқ, іс заң аясында қатаң қаралады.

Лауазымы мен өзге де жағдайға қарамастан, ұлтқа қатысты қорлау дерегі анықталса, заң тәртібіне сәйкес барлық азамат жауапкершілікке тартылады. Полиция ұлтаралық келісімді бұзуға бағытталған, арандату мен өшпенділік тілі бар материалдың таралуына тосқауыл қояды, — дейді Алматы полициясы.

Желтоқсаншылардың ар-намысын қорлады

Виолетта Желтоқсан көтерілісіне қатысқан қазақ жастары жайлы видеоға адамның қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін пікір айтқан.

Тhreads скрині
Фото Сырым Итқұловтың Тhreads парақшасынан

Сонымен қатар ол қазақтардың сырт келбетін кекетіп, ауыр сын жазған.

threads
Фото Сырым Итқұловтың Тhreads парақшасынан

Журналист Михайл Козачковтың айтуынша, Виолетта 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Анықтама

Виолетта П. — Қазақстан Республикасының азаматы. Ол бұған дейін жарнама компаниясының директоры болып жұмыс істеген. Алайда қазір қызметтен босатылған. Сонымен қатар Виолетта Алматыда жарнама маңдайшасын ілетін Avers Media ЖШС компаниясына иелік етеді.

ef6c6bde2c67d27617d403e80af9f44c Қазаққа тіл тигізген желі қолданушысына қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: ba.prg.kz

Контекст

Естеріңізге салайық, Астана сотында блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты үкім шықты.