Не болды?
Астанадан жүретін Stadler вагондары бар жаңа пойызды іске қосу кейінге қалды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр
Мәлімет
Көлік министрлігі Stadler вагондарын 2026 жылғы мамырда іске қосуды жоспарлап отыр. Үкіметтің баспасөз отырысындағы көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаровтың сөзіне қарағанда, Stadler вагондары сынақтан өткен соң техникалық ақау анықталған. Қазір Stadler компаниясы техникалық ақауды жөндеп жатыр.
Алдағы бір ай ішінде вагондарды қабылдап алып, іске қосуды жоспарлап отырмыз, — дейді көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров.
Контекст
Естеріңізге салайық, ҚТЖ Stadler вагондары биыл сәуірден бастап Астанадан Алматы, Семей, Шымкент, Атырау қалаларына қарай төрт бағыт бойынша жүретінін хабарлаған еді.
