«Жолаушылар тасымалы» АҚ мен «Штадлер Қазақстан» ЖШС компаниясы ел ішінде жүретін жаңа үлгідегі плацкарт вагонының алғашқы суреттерін ұсынды.
ҚТЖ мәліметіне қарағанда, заманауи вагондар Қазақстанның климат ерекшелігін, ұзақ бағыттар жүктемесін және халықаралық стандарттарды ескере отырып жасалған.
Плацкарт вагоны 58 жолаушыға арналған. Кіреберіс бөлігінде жүк қоюға арналған сөрелер бар, ал жолсерікке бөлек демалыс аймағы, шағын асүй және басқару бөлімі қарастырылған.
Жоғарыдағы орындарға шығуға арналған жаңа үлгідегі баспалдақ орнатылған. Үшінші деңгейде жолаушылардың заттарын салуға арналған кең багаж сөрелері орналастырылған. Әр орын жеке шаммен, 220V розеткамен, USB және USB-C порттарымен жабдықталған. Төменгі орындардың астында екі багажды қоюуға арналған арнайы орын бар. Ал орталық үстел 200 келі дейінгі салмақты көтереді, — делінген хабарламада.

Алғашқы отандық Stadler вагондары 2026 жылдан бастап мына бағыттар бойынша жүретін:
• № 3/4 «Астана — Алматы».
• № 353/354 «Астана — Семей».
• № 85/86 «Астана — Шымкент».
• № 47/48 «Астана — Атырау».

Жыл соңына дейін жаңа вагондардың алғашқы легі «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ға беріледі. Келісім аясында Stadler компаниясы өндірілген вагондарға 20 жыл бойы сервис қызметін көрсетеді. Жоспар бойынша 2030 жылға дейін 557 вагон пайдалануға беріледі.
Етеріңізге салайық, енді барлық пойызға бейнекамера орнатылады.
