Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Енді 14 жастан бастап бизнес ашуға болады. Заң талаптары қандай?

Фото: Нұрназар Әмзе/Baribar.kz
Қазақстанда 14 жасқа толған жасөспірімдер жеке кәсіпкер болып тіркеліп, іс бастай алады. Алайда бұл мүмкіндік нақты құқықтық талап арқылы шектелген. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

31 арнаның Информбюро бағдарламасының мәліметінше, негізгі талаптардың бірі – жасөспірімнің кәсіп бастауына ата-анасының немесе заңды өкілінің жазбаша келісімі қажет. Мұндай келісім болмаса, қорғаншылық және қамқоршылық органының шешімі немесе кәмелетке толмаған азаматты толық әрекетке қабілетті деп тану туралы сот шешімі талап етіледі.

Қолданыстағы Кәсіпкерлік кодекс бойынша, жеке кәсіпкерлік – азаматтың өз атынан, өз тәуекелімен табыс табуға бағытталған дербес қызмет.

Жеке кәсіпкер ретінде тіркелу бірнеше тәсіл арқылы жүзеге асырылады. Атап айтқанда, мемлекеттік кірістер органдары, халыққа қызмет көрсету орталықтары немесе eGov.kz порталы арқылы өтініш беруге болады. Сонымен қатар екінші деңгейлі банктер мен e-Salyq Business мобайл қолданбасы арқылы да тіркелу мүмкіндігі бар.