Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

30 мыңдық курс дауы: прокурор блогерлерге жаңа жаза сұрады

Видео скрині
Астанада блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенова ісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

2026 жылғы 27 сәуірдегі отырыста мемлекеттік айыптаушы тарап сотталушылармен процестік келісімге келгенін мәлімдеді.

Жанәбіловке – шартты жаза, Төлегеноваға – түрме

Мемлекеттік айыптаушы Олжас Хайруллаев жарыссөз барысында Ерболат Жанәбіловті мүлкін тәркілеп, екі жылға шартты түрде соттауды сұрады. Ал оның жұбайы Эльмира Төлегеноваға қатысты екі жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды ұсынды. Сонымен қатар кәмелетке толмаған балаларының болуына байланысты жазаны өтеуді екі жылға кейінге шегеру сұралды.

Прокурордың айтуынша, процестік келісім аясында айыпталушылар келтірілген шығынды толық өтеген. Осыған байланысты азаматтық талап арыздан бас тартылған.

Еске салайық, Астананың мамандандырылған ауданаралық соты Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенованы лицензиясыз лотерея ұйымдастырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартқан болатын.

Тергеу органдары әлеуметтік желілер арқылы жиналған қаражатты заңсыз кәсіпкерлік нәтижесінде алынған кіріс деп бағалап, оны заңдастыру белгілерін анықтаған.

Прокурор блогерлерді төрт жылға соттауды сұраған болатын.

Блогерлер үкім шығарылар алдында өз құқықтарын пайдаланып, прокурормен келісімге келу туралы өтініш жасады.