«Күйеуіммен көңіл жарастырып жүр». TikTok-та көршісіне жала жапқан әйел айыппұл арқалады

Жамбыл облысы Сарысу аудандық соты TikTok-тағы тікелей эфирде өзгеге жала жапқан әйелді соттап, оған 544 мың теңге айыппұл салды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Соттың мәліметінше, оқиға биыл қаңтар айында болған. TikTok әлеуметтік желісінде тікелей эфирге шығып, бір әйелді қаралаған. Күйеуі көрші әйелмен көңіл жарастырып жүр деп күдіктенген ол тікелей эфирінде күйеуі мен көрші әйелдің суретін жариялаған.

Тікелей эфирінде ол көршісі мен күйеуін балағаттап, суреттерін ашық жариялаған. Көршісі оның үстінен арыз жазған соң, сот істі қарап, әйелді кінәлі деп тапты. Көрші әйел сотқа жазған арызында әйелге тиісті жаза тағайындауды сұраған. Сотқа келген әйел өзінің заңды некеде тұратынын және алты кәмелетке толмаған баласы бар екенін айтқан. Құқық бұзушының әрекеті оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне, күйеуімен қарым-қатынасына нұқсан келтіріп, сонымен қатар оған және оның балаларына моральдық зиян келтіргенін айтқан, — делінген хабарламада.

Анықталғандай, көршісін қаралаған әйелдің де алты баласы бар болып шыққан. Сондықтан, сот бұны жеңілдететін мән-жай деп танып, әйелге айыппұл салды.

Сот алты баланың анасы екенін ескере келе оның айыппұлын 30 пайызға азайтқан. Осылайша, сот қаулысына сай, ол енді 544 мың теңге айыппұл төлейді, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да