Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Астанада Абай даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады

Фото: Астана әкімдігі
22 сәуірден бастап Астанада Абай даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Астананың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 22 сәуірден бастап Абай даңғылының Республика даңғылынан Сарыарқа даңғылына дейінгі аралықта жол жабынының жоғарғы қабатын төсеу жұмысын жүргізеді. Осыған байланысты қозғалыс кезең-кезеңімен жабылады.

Астанада Абай даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады
Фото: Астана әкімдігі

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.

Мақалаға реакция