Не болды?
20 сәуірде Ақсудағы ферроқорытпа зауытында жұмысшы қаза болды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Ақсудағы ферроқорытпа зауыты баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, металл ұсақтау кезінде оқыс оқиға болған. Салдарынан темір ұсатушы оқиға орнында қаза тапты.
Оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабар жетті. Қазір бұл іс тергеліп жатыр, — делінген хабарламада.
Зауыт басшылығы қаза болған жұмысшының жақындарына көңіл айтып, отбасына көмек беретінін хабарлады.
Контекст
Естеріңізге салайық, Павлодарда қазба жұмысы кезінде жер опырылып, 2 жұмысшы қаза болған еді.
