200 млн теңге: пәтерге ақысы бюджетке қайтарылды

Не болды?

Түркістан облысында пәтер сатып алу бойынша заңсыз әрекет анықталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Түркістан облысы прокуратурасының дерегінше, жергілікті атқарушы орган құрылысы аяқталмаған, техникалық талапқа сай келмейтін 28 пәтерді мемлекеттік сатып алулар арқылы қабылдап алған. Бұл әрекетті Жетісай ауданы прокуратурасы тұрғын үйді сатып алу заңдылығын тексеру барысында анықтады.

Жалпы 28 пәтерге төленген 200 млн теңге жергілікті бюджетке қайтарылды, — делінген хабарламада.

Контекст

Естеріңізге салайық, Астанада Qyran тұрғын үй кешеніндегі пәтерлер екі адамға сатылған.