Қазақ тілі алғаш рет халықаралық олимпиадада қолданылды

Не болды?

Қазақ тілі алғаш рет халықаралық Азиа-Тынық мұхиты лингвистикалық пәндік олимпиадасында (APLO-2026) жұмыс тілі ретінде қолданылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Оқу-ағарту министрлігінің ақпаратына қарағанда, олимпиада тапсырмалары мен олардың ресми шешімдері ұйымдастырушылар платформасына қазақ тілінде жарияланған.

Қазақстан құрамасы биыл бұл олимпиадаға үшінші рет қатысып отыр. Ел намысын сегіз оқушы қорғады. Нәтижесінде оқушылар бір алтын, бір күміс және екі қола жеңіп алды. Төрт қатысушы құрмет грамотасымен марапатталды.

Ақпарат

APLO-2026 олимпиадасына — Азиа-Тынық мұхиты елдерінен (Қазақстан, Қытай , Жапония, Малайзия, Корея Республикасы, Сингапур және Тайландтан) келген 300-ге жуық дарынды оқушы қатысты. Бұл зияткерлік жарыс — дарынды жастарды анықтауға, оларды халықаралық лингвистикалық олимпиадаға дайындауға бағытталған алаң.

Контекст

Естеріңізге салайық, енді мигранттар қазақ тілінен тест тапсырады.