Алматыда жұрты халық жазушысы, көрнекті ақын әрі қоғам қайраткері Мұхтар Шахановпен қоштасты. Қоштасу рәсімі Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театрында өтті. Ақынмен қоштасуға Baribar.kz тілшілері де барды.

Ақынмен қоштасуға жұрт белгіленген уақыттан бір сағат бұрын жиыла бастады. Театр залы толып, халық кезекке тұрып, сахна төріндегі ақын жатқан табытқа кезек-кезек барып, қоштасып жатты.

Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі.
Фото: Ерқанат Аманкел

Олардың арасында ақын-жазушылар, әнші-әртістер мен шенеуніктер де болды.

Мұхтар Шаханов, қоштасу
Фото: Ерқанат Аманкел
Мұхтар Шаханов, қоштасу
Фото: Ерқанат Аманкел

Сенат төрағағы Мәулен Әшімбаев президенттің көңіл айтқан жеделхатын оқып берді.

Мәулен Әшімбаев
Фото: Ерқанат Аманкел

Мұхтар Шаханов бар ғибратты ғұмырын қастерлі сөз өнеріне арнап, қазақ поэзиясын жаңа деңгейге көтерген, сөз әдебиетіміз бен мәдениетіміздің көкжиегін кеңейтуге елеулі үлес қосқан тұғырлы тұлға еді. Әрқашан тіл жанашыры ретінде игілікті істердің бастауында болды. Өнегелі өмір сүріп, соңына мол әдеби мұра қалдырған Мұхтар Шахановтың жарқын бейнесі халқымыздың жадында мәңгі сақаталады, — делінген хатта.

Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкен ақынды шындық айтатын адам деп сипаттады.

Мұхтар Шаханов қазақ деген халыққа, оның руханиятына, болмысына, болашағына не керек болса, соның бәрін айтып кеткен. Ол Махамбеттен кейінгі шындық айтатын ақын еді. Адамның бет-жүзіне қарамайтын. Осы Алматыда қазақтың тілі екі тіл болып кетейін деп жатқанда Шерхан Мұртасаз, Әбіш Кекілбайлармен қосылып, өзіміздің тілімізді сақтап қалған да — осы Мұхтар Шаханов. Мұқаңды бүгін жүрегіміз солқ-солқ етіп тұрып қоштасуға мәжбүрміз, — деді Мереке Құлкен.

Мұхтар Шаханов, қоштасу
Мереке Құлкен. Фото: Ерқанат Аманкел

Мұхтар Шаханов қай салада еңбек етсе де, қазаққа болсын деді. Ақын 2000-жылдары қырғыз еліне қазақтың елшісі болып барды. Сол кезде қырғыз бен қазақ арасындағы мәдени байланысты нығайтты. Қазақтың қанша ақын-жазушысы Қырғызстанға барды, қырғыздың қанша қаламгері Қазақстанға келді. Соның бәрінде Мұхтар Шахановтың еңбегі зор еді.

Ақынмен қоштасу рәсіміне Қырғызстаннан бір топ делегат келіп, Қырғызстан Республикасының президенті Садыр Жапаровтың көңіл айтқан хатын оқып берді.

Ал «Қырғыз тілі» қауымдастығының президенті Райымжан Құрбанов қазақ елінің қайғысын тең бөлісетінін айтты.

Қазақ еліне көңіл айтамыз. Бұл — қазақ үшін ғана емес, қырғыз үшін де орны толмас қаза. Өйткені Мұхтар ағаны біз де қатты жақсы көреміз. Мұхтар аға 11 жылдан астам уақыт Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі болды. Оған қоса Шыңғыс Айтматовпен аға-дос, қаламдас болды. Әсіресе, Желтоқсан оқиғасы кезінде қырғыз жұрты «қазақ, қазақ» деп қазақ халқына болысты. Қазір де қазақ елінің қайғысын тең бөлісеміз, — деді Райымжан Құрбанов.

Райымжан Құрбанов, қырғыз
Райымжан Құрбанов. Фото: Ерқанат Аманкел

Ол сол кезде Мұхтар Шахановтың қырғыз еліне шығарған әнін оқып берді:

Желтоқсанда егемендік аңсап ұлы кең дала,
Тосын мінез көрсеткенде қажырлана, жандана,
Қазақтың жас өркеніне
Бүкіл әлем көз тіккенде таңдана,
Жойқын күштер жұдырығын көрсеткенде паңдана,
Бәрі бұғып қалған кезде, ей бауырым, қырғызым
Тайсалмастан қолдау айтқан, қорғау айтқан сен ғана!

Мұхтар Шахановпен қоштасуға келген қырғыз делегаты
Мұхтар Шахановпен қоштасуға келген қырғыз делегаты. Фото: Ерқанат Аманкел

Келген жұрт ақынның жары Ханшайым Шаханға көңіл айтып жатты.

Мұхтар Шахановпен қоштасуға келген қырғыз делегаты
Ханшайым Шахан. Фото: Ерқанат Аманкел
Мұхтар Шахановпен қоштасуға келген қырғыз делегаты
Ханшайым Шахан. Фото: Ерқанат Аманкел

Мұхтар Шахановтың жары Ханшайым Шахан мемлекет басшысына хат жолдаған еді. Онда жары ақынды Отырар ауданындағы Арыстан баб кесенесінің іргесіне жерлеуді сұраған. Алайда ақынның сүйегі Түркістан облысы, Отырар ауданындағы «Қоғам ауылдық зиратына» қойылатын болды. Бұл ауыл зираты кесенеден екі-үш шақырым жерде орналасқан.

Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов не үшін мұндай шешім қабылданғанын түсіндіріп берді.

Кеше ғана Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенмен арнайы ақынның жанұясына барып, Ханшайым жеңгемізбен отырып сөйлестік. Мұхтар Шаханов ағамыздың өзі видеоға жазған аманатын тыңдадық. Аманатты орындау керек. Әйтпесе, бүкіл Мұхтар Шахановтың ұлы ақын болып қалыптасқаны, күресі — бәрі осы Алматы қаласында өтті. Кеңсайда классик Әбдіжәміл Нұрпейісов бастаған ең жақсы жерден орын дайындадық. Бір жағы қимай тұрмыз, — деді Қасымхан Бегманов.

Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов
Қасымхан Бегманов. Фото: Ерқанат Аманкел

Оның айтуынша, Мұхтар Шахановты іздейтін адам көп болады. Сондықтан өзі де ақынның осы Алматыда жерленгенін қалаған.

Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі
Фото: Ерқанат Аманкел

Мұхтар Шахановпен қоштасуға актерлар Азат Сейітметов пен Ерлан Біләл, әншілер Димаш Құдайберген, Қайрат Нұртас және Жұбаныш Жексенұлы да келді.

Мұхтар Шаханов, қоштасу
Фото: Ерқанат Аманкел
Мұхтар Шаханов, қоштасу
Фото: Ерқанат Аманкел
Мұхтар Шаханов, қоштасу
Фото: Ерқанат Аманкел
Мұхтар Шаханов, қоштасу
Фото: Ерқанат Аманкел

Ақынды ақырғы сапарына шығарып салуға келген халық оған тағзым етіп, қоштасып жатты.

Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі.
Фото: Ерқанат Аманкел
Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі.
Фото: Ерқанат Аманкел
Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі.
Фото: Ерқанат Аманкел
Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі.
Фото: Ерқанат Аманкел

Рәсім соңында жұрт ақынның денесі салынған табытты көтеріп, театрдан алып шықты. Табыттың бір шетін көтерісуге әркім-ақ таласты. Сосын ақынның денесі көлікке салынды.

Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі
Фото: Ерқанат Аманкел
Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі
Фото: Ерқанат Аманкел
Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі
Фото: Ерқанат Аманкел
Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі
Фото: Ерқанат Аманкел
Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі
Фото: Ерқанат Аманкел
Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі
Фото: Ерқанат Аманкел
Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі
Фото: Ерқанат Аманкел

Алматыдағы қоштасу рәсімінен кейін ақынның денесін Түркістан облысына әкетеді. Марқұмның денесі Түркістан облысы, Отырар ауданындағы «Қоғам ауылдық зиратында» қойылады.

Мұхтар Шаханов 1942 жылғы 2 шілдеде Түркістан облысында дүниеге келген. Ол — әйгілі қазақ ақыны, драматург, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек ері, Халық жазушысы.

Baribar редакциясы Мұхтар Шахановтың отбасы мен туыстарына қайғырып көңіл айтады.