Қазақстанда жаңа мереке: Тазы мен төбет күні бекітілді

Не болды?

3 қыркүйекте «Қазақ тазысы мен төбеті күні» деген мереке атап өтіледі. Бұл туралы Bаribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Үкіметтің 2026 жылғы 15 сәуірдегі қаулысы бойынша, еліміздегі мереке күндердің тізімі толықты. Енді 3 қыркүйек — «Қазақ тазысы мен төбеті күні». Қаулы ресми түрде 28 сәуірден бастап күшіне енеді.

Анықтама

Тазы — аңшылыққа епті әрі шапшаң ит тұқымы, қазақтың жеті қазынасының бірі.

Төбет — ерте заманнан бері аңшылар мен малшылардың сенімді серігі болған иттің түрі.

Контекст

Естеріңізге салайық, сарапшылар итті жаппай өлтіруді заңдастыратын заң жобасын тоқтатуды талап етіп отыр.