Мұхтар Шаханов Алматыда жерленетін болды

Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ақын әрі қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов ертең, 21 сәуір күні Алматыда жерленеді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ақынмен қоштасу рәсімі таңғы сағат 09:00-де Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театры ғимаратында өтеді. Қаралы жиынға зиялы қауым өкілдері мен ақын шығармашылығын қадір тұтатын азаматтар қатыса алады, — деді журналист Бигелді Ғабдуллин.

Қоштасу рәсімінен кейін, сағат 11:30-да жерлеу рәсімі өтеді. Марқұм «Кеңсай-2″ зираты аумағына жерленеді.

Еске салайық, ақынның жары Ханшайым Шаханова мемлекет басшысына хат жолдап, Мұхтар Шахановтың ақырғы аманатын жазған еді.