Алматының Бостандық ауданында, теңіз деңгейінен 3300 метр биіктікте орналасқан Космостанция маңында туристік топ мүшелерінің бірі өзін жайсыз сезінді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, ер адамда бұрын жүрек аурулары болған. Түсу барысында оның жүрек тұсы шаншып, пульсі күрт жиілеген.
Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар туристі қауіпсіз түрде төменге түсірді. Кейін ол апаттар медицинасы орталығы мамандарына тапсырылды. Дәрігерлер зардап шегушіге қажет медициналық көмек көрсетті, — делінген хабарламада.
