
Үй ішіндегі күнделікті ұсақ-түйек тірлік – еден жуу, шаң сүрту, кір жуу бұрын қалыпты міндет сияқты көрінетін. Алайда қазіргі өмір ырғағы бұл түсінікті түбегейлі өзгертіп жатыр. Бүгінде адамдар тұрмыстағы жұмыстарды өз қолымен емес, толық автоматтандырылған жүйелер арқылы жасағанды әлдеқайда тиімді санайды.
Redrow зерттеуіне қатысқандардың 62%-ы алдағы бес жылда «ақылды үй» күнделікті өмірдің ажырамас бөлігі болады деп есептейді. Оның себебі қарапайым. Сауалнама нәтижесі бойынша, олардың:
- 37%-ы автоматтандыру ақша мен энергияны үнемдейді дейді.
- 36%-ы өмірді жеңілдетеді деп санайды.
- 32%-ы қауіпсіздік деңгейін арттырады дейді.
- 26%-ы үйді қашықтан басқару ыңғайлы екенін айтқан.
Мұның ең басты себебі – уақыт. Қазіргі өмір ырғағы өте жылдам: жұмыс, оқу, жеке өмір қатар жүргенде күнделікті ұсақ-түйек тірлікке уақыт аз қалады. Осылай, үй шаруасы маңыздырақ істермен «бәсекеге» түсе бастады. Сондықтан адамдардың ойлау тәсілі өзгеріп жатыр: ендігі мақсат – бәрін өзің жасау емес, сол істерді мүлде жасаудың қажеті болмайтын жағдай құру.
Екінші маңызды себеп – технологияның дамуы. Жасанды интеллект пен түрлі датчикке қосылған құрылғылар үй ішін «зерттеп», қай жерін қандай екенін түсініп, соған қарай әрекет ете алады. Мысалы, құрылғылар тек алдын ала берілген бұйрықты орындап қана қоймай, адамның әдетін байқап, күн тәртібіне бейімделе бастайды.
Сонымен қатар, мұндай жүйелер ресурсты үнемдеуге де көмектеседі. Артық жарықты өшіреді, жылуды реттейді, суды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді және мұның бәрі автомат түрде істеледі. Бұл тек ыңғайлы емес, шығынды азайтудың да бір жолы.
Оған қоса тағы бір маңызды нәрсе – психологиялық күйге әсері. Көбі үшін үй тек физикалық емес, менталдық жүктеме сияқты, өйткені «ертең жуу керек», «шаң жиналып қалды» сияқты ойлар адамды күйзелтеді. Ал автоматтандырылған шаруа осы жүктемені азайтып, адамның ой кеңістігін босатады.

Зерттеулерге қарағанда, тұрмыстағы ақылды техника нарығы жыл сайын тұрақты өсіп келеді. Әсіресе робот шаңсорғыштар сияқты құрылғылар ең тез дамып жатқан өнімдердің бірі болып отыр. 2025 жылы әлем бойынша мұндай құрылғылар 30 миллионнан көп сатылып, бір жылда сатылымы 20% артқан.
Өйткені мұндай технологияны қолдану өте оңай: робот шаңсорғышты орнатудың немесе үйді қайта жабдықтаудың қажеті жоқ. Оны қоссаң болды, күнделікті шаруасын атқара береді.
Dreame Vacuum Robot X60 Ultra Complete: толық автоматтандырылған тазалық жүйесі
Осы контекстте Dreame компаниясы нарықтағы белсенді ойыншылардың бірі ретінде ерекшеленіп отыр. Мәселен, компания биыл Қазақстан нарығына тағы бір жаңа флагман моделін ұсынды. Солардың бірі – Dreame Vacuum Robot X60 Ultra Complete. Бұл – қуаты жоғары, мүмкіндігі кең модельдердің бірі. Робот шаңсорғыш өте ықшам әрі жеңіл, сондықтан үйдің ішін емін-еркін айналып, жиһаздардың арасын, үйдің бұрыш-бұрышын, сөрелердің, шкафтардың қуыс-қуысын, адамның қолы жетпейтін жердің бәрін жақсы тазартады. Оған қоса үйден де көп орын алып тұрмайды.

Ең басты артықшылығы – 6400 mAh болатын батареясы. Бұл робот шаңсорғыш ұзақ уақыт тоқтамай жұмыс істейді деген сөз.
Сонымен қатар робот шаңсорғыш өте жақсы сорады: қуаты 35 000 Па болатын робот шаңсорғыш едендегі, кілемдегі шаң-тозаңды, ұсақ қоқысты, адамның шашын, тіпті жануардың денесінен түскен қылды жинап алады.
Оған қоса бұл шаңсорғыш кілемнің қырларына, бөлме арасындағы кішкентай табалдырыққа тіреліп қалмай, одан оп-оңай өтіп, бөлмені тазалай алады. Себебі бұл модель 8,8 сантиметрге дейінгі екі деңгейлі табалдырықтан, ал 4,5 сантиметрге дейінгі бір деңгейлі кедергіден өте алады.

Бұл модельдегі ең маңызды элемент – базалық станция. Оның салмағы – 10,6 келі. Мұнда 3,2 литр болатын шаң жинағыш, 4,2 литр таза суға арналған багы және 3,0 литр лас суға арналған багы бар. Робот шаңсорғыш үйді тазалап болған соң, өзі осы станцияға оралып, жинаған шаң қалдықтарын шығарып, су жүйесін жаңартып, келесі реттегі жұмысына дайындалады. Керемет емес пе?

Dreame Vacuum Robot X60 Ultra Complete робот шаңсорғышын смартфонға жалғап, қашықтан басқаруға болады. Оған қоса роботқа камера орнатылған, құрылғы сол камера арқылы үйдің ішінен мұқият зерттеп, жиһаздарға соғылмай, үйдің ішін тап-тұйнақтай етіп жинап шығады. Оған қоса төменгі корпусынан жарық жанып тұратын болған соң, адам көрмей қалатын ұсақ-түйек қалдық та қалдырмай, сорып алады.
Шаңсорғыш жұртқа кедергі келтіретіндей қатты дыбыс шығармайды – 70 дБ. Бұл – робот шаңсорғыштар үшін өте жақсы көрсеткіш.
Қарапайым тілмен айтқанда, Dreame X60 Ultra Complete – тек еден жуатын құрылғы емес. Ол үйдегі тазалықтың бүкіл процесін өзі атқаратын жүйе: сіз тек нәтижені көресіз, ал жұмыс толық автомат түрде жүреді.
Dreame Vacuum Robot X60 Master – үйдегі жұмыстың бір бөлігін өзіне алатын ақылды көмекші
Dreame Vacuum Robot X60 Master – флагман линейкасының ықшам нұсқасы. Бұл құрылғыны заманауи интерьерді ескеріп арнайы жасаған. Робот шаңсорғыш ең жоғары технологиялы құрал болған соң, еденді мұнтаздай етеді. Бұл модельде X60 Ultra Complete құрылғысындағы барлық негізгі функция бар: ақылды навигациясы бар, өзін-өзі автомат түрде күтіп-баптайды және еденді құрғақ та, дымқыл да етіп тазартады. Сонымен қатар оның базалық станциясы шағын етіп жасалған соң, үйіңіздің сәнін кетірмей, бір бұрышта тұра береді. Бұл – эстетика мен кеңістікке нұқсан келтірмей, бар мүмкіндікті толық пайдаланғысы келетіндерге арналған ұтымды шешім.
Айтпақшы, егер Dreame X60 Ultra Complete робот шаңсорғышын 689 990 теңгеге немесе Dreame X60 Master моделін 744 990 теңгеге сатып алсаңыз, Z20 Essential тік шаңсорғышын сыйлыққа аласыз. Осылай, қай модельді сатып алсаңыз да, 207 990 теңгеге дейін пайда көресіз.
Ал Dreame H16 Pro Steam тік шаңсорғышын 517 990 теңгеге немесе Dreame Z40 TangleCut™ Flex+ 364 990 теңгеге сатып алсаңыз, сыйлыққа HT30 Ultra ақылды жылытқыш беріледі. Мұнда 58 990 теңге ұтасыз.
Ал кір жуғыш пен кептіргіш машина жиынтығын (AI L9) арнайы төмен бағада – 999 980 теңгеге сатылады. Сөйтіп 94 990 теңге теңгеге дейін үнемдейсіз. Мұндай тиімді мүмкіндік 3 мамырға дейін ғана жалғасады.
Қорытындыласақ, мұндай робот шаңсорғыштар немесе автоматтандырылған құрылғылар үйді тазалау қажет, үнемі реттеу керек орын емес, жұмыстан шаршап келгенде жақындарыңмен бас қосатын таза әрі жайлы орынға айналдырады.
Dreame Technology – 2017 жылы құрылған, жоғары технологиялы құрылғыларды жасап, ақылды үй экожүйесін дамытуға маманданған инновациялық компания. Компанияның мақсаты – бүкіл әлемдегі пайдаланушылардың өмір сапасын жақсарту.
Euromonitor International деректеріне сәйкес, 2025 жылы премиум-класстағы робот-шаңсорғыштар сегментінде әлемдік бөлшек сатылым бойынша көшбасшы ретінде Dreame компаниясы бірінші орынға шыққан.
Dreame-нің ең жаңа өнімдерімен танысып, сатып алыңыз: https://dreametech.kz/
Dreame-нің эксклюзив жаңалықтары мен акцияларын Instagram-нан және TikTok-тан қадағалаңыз.





