«Өсек талқылау қызық болып кетті». Салтанат Бақаева көрерменге ренжіді

Не болды?

Кино және театр әртісі, әнші Салтанат Бақаева көрерменнің театрға аз қызығатынына ренжіді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Ол Threads желісіндегі жазбасында алдағы қойылымдарының бірінде зал жартылай бос болатынын жазған.

Қазіргі жастар театрға қызықпай ма? Әлде біз, театр мамандары, жөнді қойылым қоя алмай жүрміз бе?.. 19 сәуір күні «Зулейха» қойылымы болады, бірақ зал жартылай бос… Осындай жағдай, өкінішке қарай, сағыңды сындырады… Шынайы өнер, терең ойлы спектакльдер қызық емес… Оның қасында әзілге құрылған концерт немесе үш-төрт адамды отырғызып, болмайтын өсек талқылау қызық болып кетті… Әзіл деген жақсы, бірақ өмір тек әзілден тұрмайды ғой!.. Театрға келуді әдетке айналдырайық!, — деп жазды Салтанат Бақаева.

Анықтама

Салтанат Бақаева — эстрада әншісі, кино және театр әртісі. Қазақстан жастар одағы «Серпер» сыйлығының иегері.

«Зулейха» қойылымы — қазақ тіліне аударылып, сахналанған Гузель Яхинаның «Зулейха открывает глаза» романы. Ол былтырдан бері сахналанып келеді.