Алматыда марафонға байланысты көшелер уақытша жабылады

2026 жылғы 19 сәуірде Алматыда марафонға байланысты көшелер жабылады. Almaty Half Marathon-ға әлемнің 44 елінен 10 мыңнан астам адам қатысады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, жарыс күні қалада жол қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі. Атап айтқанда, 19 сәуірде сағат 00:00-ден 12:00-ге дейін жарыс бағыты өтетін көшелердің бірқатар бөліктері ішінара жабылады.

cd1189e1214e8a0e3ab063adf002d75c Алматыда марафонға байланысты көшелер уақытша жабылады
Фото: Алматы әкімдігі

Жартылай марафон таңғы 07:00-де тұңғыш президент саябағы маңында басталады. Осыған байланысты:

  • Әл-Фараби даңғылының солтүстік бөлігі Розыбакиев көшесінен Мұстафин көшесіне дейін 00:00–12:00 аралығында жабылады (оңтүстік бөлігі ашық);
  • Әл-Фараби даңғылының солтүстік бөлігі Розыбакиевтен Назарбаев даңғылына дейін 06:45–09:45 аралығында жабылады;
  • Сейфуллин даңғылы (әл-Фарабиден Абайға дейін) 07:10–09:05 аралығында толық жабылады;
  • Абай даңғылының оңтүстік бөлігі Саин көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін 08:50–11:15 аралығында жабылады;
  • Абай даңғылының оңтүстік бөлігі Сейфуллиннен Байтұрсыновқа дейін 07:20–09:15 аралығында жабылады;
  • Саин көшесінің шығыс бөлігі әл-Фарабиден Абайға дейін 08:30–10:20 аралығында жабылады (батыс бөлігі ашық).